QazVac (QazCovid-in) коронавирустан сенімді қорғай алады

QazVac (QazCovid-in) коронавирустан сенімді қорғай алады

🔬Қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасы клиникалық зерттеулердің соңғы үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Оған 3 мың ерікті қатысып, вакцинаны 21 күндік аралықпен 2 рет алды. Вакцина салдырған еріктілердің қанында қажетті қорғаныс антиденелері пайда болды. Бүгінгі таңда еріктілердің жағдайлары жақсы.

🔬Зерттеулер QazVac-тың (QazCovid-in) коронавирустық инфекцияға қарсы жоғары иммуностимуляторлық белсенділігін көрсетті. Вакцина сенімді қорғанысты қамтамасыз етіп, гуморальды және жасушалық иммунитет қалыптастырады. Қазақстандық вакцина салдырған еріктілерде антиденелер титрінің өсуі байқалады. Атап айтсақ, бірінші вакцинациядан кейін 16-дан 128-ге дейін (СГТ=32.0), екінші вакцинациядан кейін 128-ден 2048-ге дейін (СГТ=618.5) өсім байқалған.

🔬Алынған мәліметтер коронавирустық инфекцияға қарсы белсенділігі жойылған QazVac (QazCovid-in) вакцинасымен егілгендердің жасушалық иммундық реакциясы жақсы екендігін көрсетеді. Бұл – отандық вакцина вирустан сенімді қорғанысты қамтамасыз ете алатындығының айқын дәлелі.

🔬Сонымен қатар QazVac (QazCovid-in) вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алады.