Қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасын өндіру үшін бірегей құрылғы қолданылуда

Қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасын өндіру үшін бірегей құрылғы қолданылуда

💬«Көптеген елдерде вакцина бірінші және екінші фазадан кейін ғана пайдалануға беріледі. Қазақстанда вакцинаны терең әрі мұқият зерделеу үшін клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің жартысы қосылды. Назардағы басты мәселе - ол адамдардың денсаулығы. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен келісіп, клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінде вакцинаның әсерін толығырақ зерттеу үшін осындай тактиканы қолдандық. Қазіргі уақытта вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында Білім және ғылым министрлігі сатып алған құрал-жабдықтармен өндіріліп жатыр. Бұл бірегей құрылғы. Егер мұндай құрылғы қолда болмағанда, біз бүгінгідей тамаша нәтиже көрсете алмас едік», – деді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарья.