ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша "Айдың үздік қызметкерлері" анықталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша "Айдың үздік қызметкерлері" анықталды

Қызметкерлерді көтермелеу, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары қызметкерлерінің жауапкершілігін және орындаушылық тәртібінің деңгейін арттыру мақсатында "Айдың үздік қызметкері" конкурсын өткізу тәртібі бекітілді.

Конкурсты өткізу үшін әрбір құрылымдық бөлімшеде/ведомствода айдың үздік қызметкерін таңдау жөніндегі комиссия құрылды.

Құрылымдық бөлімшенің үздік қызметкерін таңдау есепті айдың қорытындысы бойынша айына бір рет жүргізіледі.

Комиссия уәкілетті құрылымдық бөлімшелерден есепті бір ай ішінде атқарушылық, еңбек тәртібін, мінез-құлық этикасын және ақпараттық қауіпсіздікті ресми түрде бұзу фактілерінің болмауы тұрғысынан кандидаттар туралы ақпаратты екі жұмыс күні ішінде сұратып алады.

Кандидатураларды іріктегеннен кейін бағалау екі жұмыс күні ішінде кандидатураларды бағалау шарттарына сәйкес жүргізіледі:

  1. Жұмыс істеу үшін қажетті практикалық кәсіби құзыреттер деңгейі, оның ішінде тілдерді білу;
  2. Аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау, күрделі міндеттерді шеше білу;
  3. НҚА жобаларын, оның ішінде лауазымдық нұсқаулықтар бойынша құзыретіне кірмейтін жобаларды әзірлеу, дайындау;
  4. Үйлестіру, әдістемелік, консультативтік, кеңесші және өзге де жұмыс органдарына, сондай-ақ қызметтік тергеулерге қатысу;
  5. Министрліктің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысу;
  6. Мейірімділік пен стресске төзімділік;
  7. Басымдық бере білу.

Айдың үздік қызметкерін марапаттау рәсімі комиссия жұмысының нәтижелері жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

"Айдың үздік қызметкері" атағын алған қызметкер жауапты хатшының грамотасымен марапатталады.

 

Махмұтұлы Олжас – Заң департаменті

 

Жүнісова Гүлбақыт Серікжанқызы - Техникалық және кәсіптік білім департаменті

 

Абдикулов Нариман Еркебуланович - Қаржы және мемлекеттік сатып алулар департаменті

 

Абилмажинова Индира Дидарбековна - Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті

 

Қайсабаев Руслан - Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы

 

Жакенова Эльмира Дулатбекқызы - Мектепке дейінгі және орта білім департаменті

 

Шайзада Аймангуль - Бюджеттік жоспарлау департаменті 

 

Тілеужанов Ұлан Жасұланұлы - Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы басқармасы

 

Меңдіғалиев Дамир Жанабайұлы - Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті

 

Маралбаева Майра Бектимировна - Ұйымдастыру жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету департаменті

 

Скаков Алмаз Нуржанович - Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

Салықова Қарақат Ғалымқызы - Ішкі аудит департаменті

 

Даргужиева Салтанат Ерлановна - Халықаралық ынтымақтастық департаменті

 

Кожина Бота Саматқызы - Персоналды басқару қызметі

 

Балташева Нұрсұлу Қаратайқызы - Балалардың құқықтарын қорғау комитеті