Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есілдің сол жақ жағалауы, Мәңгілік ел көшесі №8, Министрліктер Үйі, 11-кіреберіс, «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ректорының бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: индексі 030000, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова, 34-үй.
Қызметінің негізгі мәні-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру, іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.
Қызметінің мақсаты – ғылым мен тәжірибе жетістіктері, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, кемінде 5 жыл басшылық қызметтегі еңбек өтілі болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір күн) ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне (645 кабинет) өткізу қажет. Телефон: 8(7172) 74-25-22.