Меню

Страницы

Статья

«Қарағанды мемлекеттік индустриялдық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры бос лауазымдық орнына конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіреберіс, «Қарағанды мемлекеттік индустриялдық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры бос лауазымдық орнына  конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Темиртау қаласы, Республика  даңғылы, 56.

Қызметтің  негізгі мәні: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру, іргелі ғылыми  және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.

Қызметтің мақсаты: ғылым және тәжірибе жетістіктері, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары білімі,  кемінде 5 жыл басшылық қызыметтегі  еңбек өтілі болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған.

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса);

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдағаны және еңбек шартының  тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 086 нысан бойынша);

7) жеке куәлігінің көшірмесі;

8) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

9) университетті дамыту бағдарламасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған  құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіреберіс             (643-кабинет) өткізу қажет, телефон: 8 (7172)74-25-24.

Дата публикации
20 апреля 2020
Дата обновления
20 апреля 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

28 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025
Балалардың құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы