Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті отбасылық қатынастардың оң тәжірибесін тарату; жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және дамыту, қазіргі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жағдай жасау, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында а.ж. 29 сәуірінен бастап «Бақыт отбасынан басталады» атты жаңа республикалық бейне интернет-жобасының конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды. .
Конкурс кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар арасында келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1-номинация «Менің отбасым – еріктілердің тату отбасы»
2-номинация «Менің отбасым шығармашылық және өнер әлемінде»
3-номинация «Менің отбасым – көптілді отбасы»
4-номинация «Менің отбасымда-спорт пен ұлттық ойындардың мәдениеті»
5-номинация «Біздің отбасымызда барлығы шебер»
6-номинация «Менің отбасым кітаптар әлемінде»
7-номинация «Менің отбасымның ән ұраны, таңбасы, салт-дәстүрлері және реликвиялары»
Конкурс 3 кезеңнен тұрады: 1 кезең – 2020 жылғы 1-10 мамыр, 2 кезең – 2020 жылғы 15-25 мамыр, 3 кезең финалдық-2020 жылғы 1 маусым.
Конкурсқа қатысуға бейне-өтінімдерді 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін proektkopd@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.
Бейнероликтер (бейне-өтінім және конкурстық видео) YouTube видеохостингінің базасында «Бақыт отбасынан басталады» атты арнасында орналастырылады.
Сілтемесі: https: //www.youtube.com.channel/UCDk8VTYbfi0IUgdXNR6Luw.
Нақтыланған ақпарат жоғарыда көрсетілген арнада орналастырылған.
Конкурстың қорытындысы 2020 жылдың 1 маусымында барлық қатысушы отбасының бейне көрулері мен репостар бойынша шығарылады және жеңімпаздар құрмет дипломдары мен естеліктермен марапатталады.