Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиядан

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия 2020 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға жұмыстарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптары «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған http://adilet.zan.kz (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 49 бұйрығы).

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай мен карантин енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 1-30 сәуірі аралығында электрондық форматта іске асырылады.

Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген жұмыстар карантин аяқталған күннен бастап 2020 жылдың 1 маусымына дейін авторлардың өздерінен немесе сенім білдірген тұлғаларынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясында мынадай мекен-жай бойынша қабылданады:               Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 1049 бөлме, жабық тақырыптар бойынша 924 бөлмеде.

Аңықтама телефоны: 8(7172) 74-16-59, 74-20-93, 74-24-84,                8(747)348-68-89. Электрондық поштаның мекенжайы premiaalfarabi20@gmail.com

Дата публикации
31 марта 2020
Дата обновления
31 марта 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

28 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025
Балалардың құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы