Меню

Страницы

Статья

"Емир-Ойл"ЖШС-нің Кариман кен орнында қабаттық қысымды қамтамасыз ету және мұнай алудың бекітілген коэффициентіне қол жеткізу үшін қабатқа газ және суды айдау процесінің қолданылу шарттарын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыстар

1 қосымша

 

ҒЗТҚЖ 1

Басым бағыт: "Емир-Ойл"ЖШС-нің Кариман кен орнында қабаттық қысымды қамтамасыз ету және мұнай алудың бекітілген коэффициентіне қол жеткізу үшін қабатқа газ және суды айдау процесінің қолданылу шарттарын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыстар.

1 кезең. Кариман кен орны жағдайында газ бен суды айдау технологияларының қолданылуын бағалау бойынша эксперименттік және талдамалық зерттеулер

2 кезең. Газ айдау технологиясын ендіру

3 кезең. Су айдау технологиясын ендіру

 

Атауы

"Емир-Ойл"ЖШС-нің Кариман кен орнында қабаттық қысымды қамтамасыз ету және мұнай алудың бекітілген коэффициентіне қол жеткізу үшін қабатқа газ және суды айдау процесінің қолданылу шарттарын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыстар.

Қысқаша сипаттамасы

Кариман кен орнының мұнайлылығы мен газдылығы  жоғары және орта Триас қабаты шөгінділерде анықталған, олардың қимасында 5 өнімді деңгейжиек бөлінген, оның ішінде 2 - жоғарғы метрлі шөгінділерге (базальдік және базальдік деңгежиектен жоғары) және 3 – орта метрлі шөгінділерге (Т2-А, Т2-Б және Т2-В) ұштастырылған. Кариман құрылымындағы  алты блок ішіндегі төртеуінің  (I, II, III, IV) мұнай-газдылығы дәлелденген.

Кен орны 2011 жылдан бастап қабаттық энергияның табиғи сарқылу режимінде игерілуде.

2020 ж. 01 қаңтар күніне жағдай бойынша бұрғыланған ұңғымалар қоры 25 бірлікті құрайды, оның ішінде:

- жұмыс істеп тұрған 10 өндіруші ұңғыма;

- 2 уақытша жабық;

- 10 ҰКЖ/ҰЖАЖ күтуде;

- 3-жойылған ұңғыма.

Аталмыш жұмыс шеңберінде қабатқа газ және су айдау жолымен қабат қысымын қамтамасыз ету іс-шараларын іске асыру бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Кариман кен орны жағдайында ұсынылатын іс-шараларды енгізудің орындылығын бағалау және процестер параметрлерін өңдеу үшін зертханалық зерттеулер кешенін жүргізу жоспарланып отыр, атап айтқанда:

- керннің құрамдас үлгісінде мұнайды газбен ығыстыру коэффициентін анықтау жөніндегі эксперимент;

- керннің құрамдас үлгісінде қабаттық су үлгісімен мұнайды ығыстыру коэффициентін анықтау бойынша эксперимент.

Бұл зерттеуде I игеру нысанына (Т2Б+В) газ бен судың жұмыс агентін айдау бойынша пайдалы қазбаларды байыту жолымен жаңа технологияны енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, айдау үшін әлеуетті ұңғыманы таңдау алдында техникалық жай-күйін талдау мен қабылдау қабілетіне зерттеу жүргізілетін болады.

Жер қойнауын пайдаланушының байланыс мәліметтері  

Зейнеп Мустафаевна Есбулатова – Барлау және өңдеу жөніндегі Директор

Моб.: +77019991045; e-mail: z_yesbulatova@emiroil.kz

Динмухаммед Уралович БекмагамбетовӨңдеу бөлімінің бастығы

Ұялы тел.: +77777571090; e-mail: d_bekmagambetov@emiroil.kz

 

2 қосымша

 

ҒЗТҚЖ 2

Басым бағыт: "ЕмирОйл"ЖШС кен орындары мен ұңғымаларын игеруді басқару шеңберінде кен орындарын цифрландыру (smart field зияткерлік технологиясын енгізу) және кен орындары инфрақұрылымы объектілерін ғылымизерттеу және эксперименталдық жұмыстар

 1 кезең. Цифрландыру тұжырымдамасын әзірлеу

2 кезең. Цифрландыруды енгізу

 

Атауы

"Емир-Ойл" ЖШС кен орындары мен ұңғымаларын игеруді басқару шеңберінде кен орындарын (smart field) және кен орындары инфрақұрылым объектілерін цифрландыру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар.

Қысқаша сипаттамасы

Зияткерлік технологияны "цифрландыру" (smart field) ретінде енгізу өндірістің тиімділігін арттыруға, кен орнында электр энергиясын үнемдеуге және жөндеуаралық кезеңді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ұңғымалар мониторингі жүйесін нақты уақытта пайдалану ұңғымалардың жұмысы мен жай-күйіне тиісті бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Цифрландыру тұжырымдамасын әзірлеу нақты уақытта өндірістің жедел мәліметтерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Барлық кен орындары бойынша деректерді жедел жинау, оларды өңдеу және есептік кітапханалармен (алгоритмдермен) активтің біріктірілген үлгісіне енгізу технологиялық жүйеге талдау жүргізуге және мамандарға өндірістік циклдің жұмысын оңтайландыру бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.

Цифрлық жүйелерді біріктіру, оларды кейіннен интеллектуалдандыру "Емир-Ойл" ЖШС-нің бүкіл активін жалпы жаһандық тұстан оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Цифрландырылған кен орнына (smart field) көшу ұңғымалардағы іс-шараларды уақтылы және мақсатты жоспарлауға, технологиялық режимді реттеуге, өндіруді қарқындату әдістерін таңдауға және т. б. мүмкіндік береді.

Жер қойнауын пайдаланушының байланыс мәліметтері 

Есбулатова Зейнеп Мустафаевна – Барлау және өңдеу жөніндегі Директор

Ұялы тел.: +77019991045; e-mail: z_yesbulatova@emiroil.kz

Андрей Анатольевич Боев – Өндіріс жөніндегі директор

Ұялы тел.: +77017304635; e-mail: a_boyev@emiroil.kz

 

Дата публикации
18 марта 2020
Дата обновления
18 марта 2020
Тип

Сейчас читают

28 июля 2025
Цифровизация
Ақпарат
28 июля 2025
Тәрбие жұмысы және қосымша білім
28 июля 2025
Электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы