ПетроҚазақстан Құмкөл РесорсизАҚ 2020 жылы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар санатынан 4 (төрті) ғылыми зерттеу жұмысын жүзеге асыруды жоспарлап отыр
Іске асырылуға жоспарланып отырған ғылыми зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №244 бірлескен бұйрығымен бекітілгенЖер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларыныңталаптарын ескере отырыпсоның ішінде ҒЗТКЖның төмендегі басым бағыты бойынша жүзеге асырылатын болады №3 бөлім. «Флюидтердің динамикасы мен дайындалуын реттеу»; №4 «Кенішті және ұңғыманы игеруді басқару».
4 (төрт) ҒЗТКЖның әрқайсысы бойынша атауықысқаша сипаты және жер қойнауын пайдаланушының байланыс деректері туралы толық ақпарат №1 қосымшада берілген
ҚосымшаҒЗҒКЖ-ны жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпарат.
№1 қосымша
№1 ҒЗТКЖ
Басым бағыт
3-бөлім. Флюидтердің динамикасы мен дайындалуын реттеу
1) Сулануды бақылау үшін жетілдірілген технологияларды ендіру
|
Атауы |
«Арысқұм және Қарабұлақ кеніштеріндегі ұңғымалардың сулануын су оқшаулау жолымен бақылаудың жаңа технологиясын жасау және ендіру»
|
|
Қысқаша сипаты |
Арысқұм кеніші қазіргі уақытта игерудің соңғы кезеңінде игерілуде, қорларының өндірімділігі - 82% және сулануы - 94%. Арысқұм кенішіндегі негізгі игеру объектісі I объект (М-ІІ горизонты) болып табылады, оның көрсеткіштері кеніштің игеру көрсеткіштерін анықтайды, өйткені геологиялық қорлардың 84,1%-ы осы объектіде орналасқан. М-II горизонты М-II-1 және М-II-2 екі негізгі горизонтқа тарамдалады. М-II-2 астыңғы бөлігі қолайлы коллекторлық қасиеттердің бар болуымен сипатталады: кеуектілік пен өткізгіштік, гравелитті және құмдақты болып келеді. Жоғарғы бөлігі әлсіз кеуектілігімен және өткізгіштігімен сипатталатын құмдақты-алевролиттер және сазды жыныстардың, сонымен қатар жоғары тарамдануымен сипатталады. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу нәтижелері бойынша М-II-2 қойнауқатының негізгі бөлігінің қатты суланғаны анықталды, ал жоғарғы бөлікте қалдық мұнайға қанығушылық әлі де бар. Алайда, қойнауқат қысымы мен өткізгіштіктің жоғары болуынан төменгі қабат сазданып қалған жоғарғы қабатқа әсер етеді және сол арқылы үлкен депрессия салдарынан жоғарғы бөліктің әлсіз жұмысы байқалады. Сонымен бірге, көптеген ұңғымаларда сулану конустары пайда болды. Сулану конустары мұнай өндіруді одан әрі жалғастыру кезінде суды шектеу бойынша қандай да бір іс-шараларды жүргізбей, су конусы ұңғыманың барлық оқпанында көтеріледі және бұл ұңғыманың тоқтап қалу қаупін тудырады. Сулылығы жоғары ұңғымалардың жұмысы көп жағдайда ілеспе өндірілетін судың жоғары дебиттерімен бірге жүреді, яғни судың артық көлемін қысқарту міндеттері өзекті болып отыр.
Қарабұлақ кенішінде игерудің қысқа мерзіміне қарамастан өндірілетін өнімнің жоғары сулануы байқалады. Қарабұлақ кенішінің Орталық күмбезінің солтүстік бөлігіндегі ұңғымалардың сулану көрсеткіштері 95%-ға тең, мұндағы жыныстар кавернозды-жарылған карбонатты жыныстар болып келеді. Бұл ретте аталған учаскеде кеніште өндірілетін бүкіл сұйықтықтың 70%-ға жуығы алынады. Кеніштердегі мұнай шоғырлары табандық судың болуымен сипатталады, демек ұңғымаларда табандық сулардың тартылуын болдырмау үшін төменгі су көрінетін қойнауқаттарды оқшаулау ұсынылады. Суға қатысты фазалық өткізгіштіктің азаюы есебінен бұл параметр мұнайға қатысты артады. Осылайша, мұнай дебиттерінің ұлғаюы болжанады. Бұдан бөлек, су өндіруді азайту кенішті пайдалану үшін өте маңызды, өйткені жоғары сулану елеулі проблемаларға әкеп соқтырады, соның ішінде ілеспе өндірілетін судың молайып келе жатқан көлемін кәдеге жарату қажеттілігін туындатады. Өндірілетін өнімдердегі судың артуына байланысты жерасты және жерүсті жабдықтарының коррозиясы күшейеді, оларды ауыстыру және жөндеу жұмыстарының көлемі артады, нәтижесінде пайдалану шығындары мен күрделі шығындардың өсуіне әкеледі.
Аталған кеніштердегі су оқшаулау жұмыстары ілеспе су көлемін қысқартуға, ұңғымаларды мерзімінен бұрын тоқтату және бос тұрып қалу қаупін азайтуға, игеруге қиын шығарылатын қорларды тартуға, пайдалану шығындарын азайтуға және сол арқылы кеніштің өмірін ұзартуға және кенішті ұтымды игерудің экономикалық және технологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осы зерттеуде Арысқұм кенішіндегі бір ұңғымада және Қарабұлақ кенішіндегі екі ұңғымада құрамы жетілдірілген химиялық реагенттерді таңдау және қойнауқатқа айдау арқылы сулануды бақылаудың жаңа технологиясын ендіру қарастырылған.
|
|
Жер қойнауын пайдаланушының байланыс деректері |
Алмат Сағынбаев - «ПҚҚР» АҚ игеру және өндіру департаменті қойнауқаттарды игеру бөлімінің бастығы, телефон 8-724-2-299387, Almat.Saginbayev@petrokazakhstan.com |
№2 ҒЗТКЖ
Басым бағыт:
4-бөлім. Кенішті және ұңғыманы игеруді басқару
2) Су тоғытудың жетілдірілген әдістерін және МҚАӘ ендіру (полимерлер және басқалар)
|
Атауы |
«Арысқұм және Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ кеніштеріндегі қабылдағыштық профилін теңестіру арқылы су тоғытудың заманауи әдістерін ендіру жөніндегі ғылыми зерттеулер»
|
|
Қысқаша сипаты |
Қазіргі уақытта I объект (М-II горизонты) негізгі игеру объектісі болып саналады, оның көрсеткіштерін кенішті игеру көрсеткіштері айқындайды, өйткені геологиялық қорлардың 84,1%-ы осы объектіде орналасқан. Аталған объект бойынша қойнауқатқа су айдалады және газ бүркембесінің күмбезді бөлігіне газ айдалады. Айдалатын агент ретінде ағынды су пайдаланылады. II және III объектілер ҚҚҚҰ әдісі қолданылмай, табиғи режімде игерілуде. Аталған объектілерге сәйкесінше 9,6 % және 6,3 %, геологиялық қорлар ұштасқан. Арысқұм кенішіндегі коллектор жыныстардың ерекшелігі сазды цементтегі монтмориллониттің көп мөлшері болып табылады, оның салқын тұщы су айдаған кезде ісінуі кеуекті арналардың бітеліп қалуына және қойнауқат қысымын қалыпта ұстауда кедергілерге әкеп соқтырады. Арысқұм кенішін зерттеу деректері бойынша қойнауқаттардың сумен тоғытумен қамтылу коэффициенті орта есеппен 50%-дан аспайды. Сумен тоғытумен қамтылудың төмен коэффииценті жыныстардың сүзілу-сыйымдылық қасиеттерінің әртүрлігіне, қойнауқаттардың жоғары тілімделуіне байланысты, бұл сүзілуі жоғары арналардың жырылуына әкеп соқтырады, соның салдарынан коллекторлық қасиеттері төмен қойнауқаттар игеруден тыс қалады.
Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ кенішін өнеркәсіптік игеру 2013 жылғы тамызда басталған. Кенішті игерудің аз мерзіміне қарамастан, мұнай өндірудің күрт азаюы, өндірілетін өнімнің сулануы байқалады. Айдамалау ұңғымаларында қойнауқаттың ССҚ-терінің әртүрлілігіне (кеуектілігі мен өткізгіштігіне) байланысты өндіру ұңғымаларында өткізгіштігі жоғары арналарды бойлай судың жырып өтуі байқалады. Су қорының негізгі 70-90% көлемі қолайлы ССҚ сипатталатын М-II горизонтының төменгі бөлігіне келеді. Жақсы өткізгіштігіне және кеуектілігіне байланысты М-II горизонтының төменгі бөлігі қорлардың жоғары өндірімділігімен және мұнайдың қалдық қорларының төмен дәрежесімен сипатталады.
Қабылдағыштық профилін теңестіру (ҚПТ) – қойнауқаттардың мұнай қайтарымын арттыру әдістерінің бірі. Айдамалау ұңғымаларындағы қабылдағыштық профилін теңестіру жұмыстары қойнауқаттың қалыңдығы бойынша су тоғытумен қамтылуын ұлғайту, қойнауқаттар мен қойнауқатшалар арасындағы айдау көлемін ығыстырғыш агентпен бір уақытта әсер ете отырып, қайта бөлу мақсатында мұнайлы шоғырларды игеру процесін реттеуге бағытталған.
Аталған ғылыми жұмыста химиялық агенттерді кәдімгі ҚПТ жүргізуге қарағанда, химиялық агенттердің жетілдірілген түрлерін (полимерлер және басқалар) көп мөлшерде айдау арқылы ҚПТ сумен тоғытудың жаңа ендіру қарастырылады. Бұл ретте химиялық реагенттердің құрамы жаңа болуы және барынша сумен тоғыту үшін Арысқұм және Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ кеніштерінің қойнауқаттық жағдайларына арнайы дайындалуы тиіс.
|
|
Жер қойнауын пайдаланушының байланыс деректері |
Алмат Сағынбаев - «ПҚҚР» АҚ игеру және өндіру департаменті қойнауқаттарды игеру бөлімінің бастығы, телефон 8-724-2-299387, Almat.Saginbayev@petrokazakhstan.com
|
№3 ҒЗТКЖ
Басым бағыт:
4-бөлім. Кенішті және ұңғыманы игеруді басқару
1) Ұңғымаға мұнай ағынын қарқындатудың жаңа әдістерін ендіру
|
Атауы |
«Майбұлақ және Солтүстік Нұралы кеніштеріндегі мұнай ағынын қарқындату үшін ұңғымалардың забой маңы аймағын электрлі импульстармен өңдеу технологиясын ендіру»
|
|
Қысқаша сипаты
|
Майбұлақ кеніші 2001 жылдан бері өнеркәсіптік игерілуде. Кеніштің өнімді шоғырлары тығыз құмдақтардан құралады және сүзілу-сыйымдылық қасиеттерінің төмен мәндерімен сипатталады. Осы қазіргі сәтте қорлардың өндірімі 80%-ды құрайды. Жалпы қордағы 42 ұңғыманың ішінен қазіргі уақытта барлығы 13 ұңғыма жұмыс істеуде, қалған ұңғымалар түрлі себептермен бос тұр. Осыған байланысты ҚҚҚҰ жүйесінің іске асырылып жатқанынан бөлек, ұңғымалардың өндіру көлемін қарқындату жөніндегі жаңа технологиялар қажет.
Солтүстік Нұралы кеніші 2013 жылдан бері өнеркәсіптік игерілуде. Кеніштің өнімді шоғырлары тығыз құмдақтардан құралады және сүзілу-сыйымдылық қасиеттерінің төмен мәндерімен сипатталады. Бұдан бөлек, қойнауқаттар газға қаныққан, соның салдарынан қойнауқат қысымы қанығу қысымынан тез төмен түсіп кетті және жинақталған газ өндіру едәуір көрсеткіштерге жетті. Осылайша, еріген газ режимі қойнауқаттағы сұйықтық ағындарын қозғаушы күш болып саналады. Алайда, 2017 жылдан бері су тоғыту жүйесі іске асырылуда. Жалпы қордағы 36 ұңғыманың ішінен қазіргі уақытта барлығы 14 ұңғыма жұмыс істеуде, қалған ұңғымалар түрлі себептермен бос тұр. Осыған байланысты ҚҚҚҰ жүйесінің іске асырылып жатқанынан бөлек, ұңғымалардың өндіру көлемін қарқындату жөніндегі жаңа технологиялар қажет.
Осындай шаралардың бірі ретінде забой маңындағы аймаққа электрлі импульстармен әсер ету негізінде технологиялар жасау және параметрлерді таңдау бойынша ғылыми жұмыс жүргізу жоспарланып отыр. Әсер ету нәтижесінде скин-факторды азайта отырып, ұңғымалардың кольмотациясын жою қарастырылады. Бұл технология жаңа және Майбұлақ пен Солтүстік Нұралы кеніштеріне ендіру үшін тартымды болып табылады. Бұл ретте осы технологияны қойнауқаттың геологиялық-физикалық параметрлерін ескере отырып, инновациялық тәсілмен іске асыру талап етіледі.
|
|
Жер қойнауын пайдаланушының байланыс деректері |
Алмат Сағынбаев - «ПҚҚР» АҚ игеру және өндіру департаменті қойнауқаттарды игеру бөлімінің бастығы, телефон 8-724-2-299387, Almat.Saginbayev@petrokazakhstan.com
|
№4 ҒЗТКЖ
Басым бағыт:
4-бөлім. Кенішті және ұңғыманы игеруді басқару
3) Қойнауқатты гидрожарудың жаңа технологияларын жасау
|
Атауы |
«Қарабұлақ, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ, Солтүстік Нұралы, Майбұлақ және Шығыс Керуенші кеніштерінің қиын шығарылатын қорларына қойнауқатты гидрожарудың жаңа технологиясын жасау мен қолдануды талдау бойынша зерттеу жүргізу»
|
|
Қысқаша сипаты
|
Қарабұлақ, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ, Солтүстік Нұралы, Майбұлақ және Шығыс Керуенші кеніштері жоғары әртектілігімен, жыныстарының жоғары тығыздығымен және төмен ССҚ-мен сипатталады. Қарабұлақ кеніші литологиялық тұрғыдан 4 бөлікке бөлінеді – Солтүстік, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс. Олардың Оңтүстік және Оңтүстік –Батыс бөліктері сазды карбонатты болып келеді. Ұңғымалардың көбісінде қойнауқатты гидрожару жұмыстары (ҚГЖ) жүргізілген. Алайда, нәтижеден өндірудің жоғары өнімі байқалмай отыр. Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ кеніші негізгі және солтүстік – шығыс күмбездерге бөлінеді, соңғысында қиын шығарылатын мұнай қорлары айтарлықтай бар. Бұдан бөлек, қойнауқаттың өткізгіштігінің төмендігімен қатар, астыңғы бөлігінде судың төсеме қабаты бар, сонымен бірге мұнайға қаныққан қабаттың қалыңдығы едәуір. Қазіргі сәтте ҚГЖ бойынша зертеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Майбұлақ кеніші 2001 жылдан бері өнеркәсіптік игерілуде. Кеніштегі мұнай қорлары да ССҚ төмен құмшауыттармен белгілі, осыған орай бұдан бұрын көптеген ҚГЖ жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге мұнай өндіру деңгейінің жоғары еместігіне қарамастан, өңделмеген мұнай қоры 200 мың тоннаға бағаланып отыр. Солтүстік Нұралы кеніші де төмен өткізгіштігіне байланысты мұнай қоры қиын шығарылатын кеніш ретінде қаралуда. Бұл кеніште де талдау мен оңтайландыруды талап ететін ҚГЖ жұмыстарының үлкен көлемі іске асырылды. Шығыс Керуенші кеніші 2016 жылы ашылған. Бұрғыланған 5 ұңғыманың кеуектілігі мен өткізгіштігі төмен палеозойлық қойнауқаттары ашылды. Осының нәтижесінде 5 ұңғыманың 4-інде ағын алу үшін ҚГЖ жүргізілді.
Сипаттамадан байқалғандай, жоғарыда аталған ұңғымалар ҚГЖ әдістерімен игерілуде және бұдан былай да осындай жұмыстардың жетілдірілген түрде жүргізілуін талап етеді. Осыған байланысты, аталған кеніштерде ҚГЖ жаңа технологияларын игеру бұрын жүргізілген ҚГЖ жұмыстарын терең талдауды, осы зерттеуде жүзеге асырылуы жоспарланып отырған қойнауқаттарды кешенді бағалау және геологиялық ерекшеліктерін қайта қарауды, ҚГЖ жаңа технологияларын бұдан әрі қолдануды, оның дизайнын зерттеуді, сондай-ақ қиын шығарылатын мұнай қорларының проблемаларын шешудің инновациялық алгоритмдерін қарауды қоса алғанда, ғылыми тәсілмен жүргізілуі тиіс.
|
|
Жер қойнауын пайдаланушының байланыс деректері |
Алмат Сағынбаев - «ПҚҚР» АҚ игеру және өндіру департаменті қойнауқаттарды игеру бөлімінің бастығы, телефон 8-724-2-299387, Almat.Saginbayev@petrokazakhstan.com |