Меню

Страницы

Статья

«Жалғызтөбе кен орнының, ұңғымаларындағы тұтқыр-серпімділік құрамдармен (ТСҚ) су ағынын шектеу»

«ЖАЛҒЫЗТӨБЕМҰНАЙ» ЕЖШС Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – ҒЗТКЖ қаржыландыру қағидалары) сәйкес, 2020 жылы «Жалғызтөбе кен орнының, ұңғымаларындағы тұтқыр-серпімділік құрамдармен (ТСҚ) су ағынын шектеу» тақырыбындағы ғылыми зерттеуді қаржыландыру жоспарланып отырғандығын хабарлайды.

Аталған ҒЗТКЖ-да өндіру ұңғымаларының суын оқшаулау және су ағынын шектеу бойынша, зерттеулер жүргізу жоспарлануда.

Осы жұмысты келесі басым бағытқа сәйкес жүргізу жоспарларлануда:

4-бөлім. Кен орны мен ұңғыманы игеруді басқару

1-тармақ. Кен орнын игеруді басқару. Шығарып алуды оңтайландыру, оның ішінде мұнай беруді арттыру әдісі/мұнай өндіруді қарқындату әдістері (МАӘ/ МӨҚӘ)

Қысқаша сипаты қоса беріледі.

Байланыс деректері:

«ЖАЛҒЫЗТӨБЕМУНАЙ» ЕЖШС: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қ-сы,19 ш/а, «Ақ-Бокен» Бизнес орталығы, 3 қабат.

тел: +7 7292 302-876/877/878, факс: +7 7292 302-879,  

e-mail: office@jtm.kz

 

Қосымша

 

 

Басым бағыт: 4-бөлім. Кен орны мен ұңғыманы игеруді басқару

1-тармақ. Кен орнын игеруді басқару. Шығарып алуды оңтайландыру, оның ішінде мұнай беруді арттыру әдісі/мұнай өндіруді қарқындату әдістері (МАӘ/ МӨҚӘ)

 

Атауы

Жалғызтөбе кен орнының ұңғымаларын тұтқыр-серпімді құрамдармен (ТСҚ) су ағынын шектеу

Қысқаша сипаты

Су ағуын азайту және өндіру ұңғымаларының мұнай қабаттарынан су ағуын шектеу мақсатында, Жалғызтөбе кен орнының суланған ұңғымаларына жаңа технологияны зертханалық жағдайда ТСҚ жаңа реагенттерін таңдау бойынша эксперименттік зерттеулер өткізу.

 Гельдің пайда болуы көбінесе үлкен көлемді су шайылған аралықтарда жүреді, бұл айдалатын судың сүзгіш ағынының қайта бөлінуіне және бұрын алынбаған, мұнайға қаныққан қабаттарды қолданысқа қосуға мүмкіндік береді.

Ерітіндіге ПБЗ қосындысы және айдалатын сұйықтыққа су шайылған аралықтан, пленкалы күйде болатын мұнайды жууға және өткізгіштігі төмен қабаттардан мұнайды жууға ықпал етеді.

Жер қойнауын пайдаланушының байланыс деректері

Бас геолог Бисекенов Т.Ж. – 8-7292-302876 (109)

Жетекші инженер Сүлеймен Н. - 8-7292-302876 (102)

 

Дата публикации
06 марта 2020
Дата обновления
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

28 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025
Балалардың құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы