Меню

Страницы

Статья

ҚР БҒМ Мемлекеттік аудит және тәуекел жөніндегі кеңес отырысының баспасөз хабарламасы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекел жөніндегі кеңесінің І отырысы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрік) 2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі А.Қ. Аймағамбетовтың төрағалығымен Мемлекеттік аудит және тәуекел жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) отырысы өтті.

Кеңестің құрудың негізгі мақсаты ішкі мемлекеттік аудит шеңберінде Министрліктің қызметін жетілдіру болып табылады.

Осы Кеңестің отырысында 2019 жылғы Ішкі аудит департаменті қызметінің қорытындылары және 2020 жылға арналған жұмыс жоспары, Тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшімдері және жүргізген аудит қорытындысы бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қарсылықтары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша:

1) 2019 жылғы Ішкі аудит департаменті қызметінің қорытындылары және 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын қабылдау;

2) Тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшімдерін мақұлдау;

3) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қарсылықтарының 58 тармағының 5 бұзушылық тармағы бойынша қарсылықтарды (дәлелдерді) қабылдау, 7 қаржылық бұзушылық тармағы бойынша рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға қайта саралауға, ал қалған тармақтар бойынша бас тарту шешімдері қабылданды.

Сонымен қатар, Ішкі аудит департаменті қызметінің тиімділігін арттырау мақсатында тоқсан сайынғы негізінде оның қызметінің қорытындыларын Кеңес отырысында қарау ұсынылды.

Кеңес сондай-ақ Ішкі аудит департаменті мен Министрліктің өзге де құрылымдық бөлімшелеріне бар проблемаларды шешуге және бөлінген бюджет қаражатының орындалу тиімділігін арттыруға, Министрліктің 2019-2023 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының индикаторларына қол жеткізуге бағытталған басқа да тапсырмалар берілді.

Кеңестің отырыстары тоқсан сайынғы негізде өткізілетін болады.

 

 

 

Дата публикации
10 марта 2020
Дата обновления
10 марта 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

28 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025
Балалардың құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы