Меню

Страницы

Статья

Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2018 жылғы 1-3 шілде аралығында Үндістанның Гуджарат штатындағы Раджкот қаласында 5-нші SVUM 2018 халықаралық B2B кездесулер мен көрмесінің өткізілуі жоспарлануда

Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2018 жылғы 1-3 шілде аралығында Үндістанның Гуджарат штатындағы Раджкот қаласында 5-нші SVUM 2018 халықаралық B2B кездесулер мен көрмесінің өткізілуі жоспарлануда:

- Шараның B2B кездесулеріне 30-дан 50-ге дейін мемлекет өкілдері қатысады;

- B2B кездесулердің негізгі тақырыптары: ауыл шаруашылығы, жаңғырмалы энергетика, инжиниринг, тау-кен ісі, текстиль мен киім өнімдері, денсаулық сақтау, құрылыс материалдары, зергерлік бұйымдар мен сән, тамақ өнімдерін өндіру, білім беру, ақпараттық технологиялар, қызмет көрсету, саяхат пен туризм, үй тұрмысы заттары мен құрылыс;

- Қатысуға ниет білдіргендер тіркелу формаларын (коса берілген) president.svum@gmail.com электрондық поштасына жолдауға тиіс (ағылшын тілінде).

«SVUM 2018» іс-шарасының ұйымдастырушылары өзінің халықаралық делегаттарына келесіні ұсынады:

- 2018 жылғы 30 маусымнан бастап (қонақ үйде тіркелу сағат 12:00 кейін) 2018 жылғы 4 шілдеге дейін (қонақ үйден шығу 12:00 дейін) қонақ үйде екі орындық нөмірде тұру құнын өтеу;

- әуежайдан күтіп алу және шығарып салу және қонақ үйден көрме орталығына дейін жеткізетін көлікті қамтамасыз ету;

- 200-ден астам беделді өндірушілермен B2B кездесулерін ұйымдастыру және 100-ден астам зауыт орындарына бару.

Қосымша ақпаратты www.svumshow.com сайтынан және қоса берілген қосымшадан алуға болады (ағылшын тілінде).

Дата публикации
04 июня 2018
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

28 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025
Балалардың құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы