Конкурс мәні:
2018/2019 оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы
Конкурс ұйымдастырушысы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылы министрлігі
Пошталық мекен-жайы: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі, 8 «Министрліктер үйі», 11-кіреберіс, 645-кабинет
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-25-26, 74-25-27
Конкурс туралы ақпарат:
Конкурс «2018-2019 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 284 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа мамандықтар шегінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатыса алады.
Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурстық тапсырыста келесі құжаттар болу қажет:
1. Жоғары оқу орнының өтінімінің нысаны;
2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы;
3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы;
4. 2018-2019 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар.
Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.
Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын https://infomap.testcenter.kz/infomap сайтында толтыру керек.
Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте келесідей мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел к-сі, 8, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 645-кабинет.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2018 жылғы 19-нан 25 маусым сағат 17.30. дейін (Астана қ. уақытымен).