Меню

Страницы

Статья

2018 жылғы 25 қарашадан бастап 14 желтоқсанға дейін Израильде ағылшын тілінде «New pedagogies in the 21 century – For Higher education teachers» тақырыбында халықаралық оқу курсын өткізетінін хабарлайды.

Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Израиль СІМ жанындағы «МАШАВ» Израиль халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінің 2018 жылғы 25 қарашадан бастап 14 желтоқсанға дейін Израильде ағылшын тілінде «New pedagogies in the 21 century – For Higher education teachers» тақырыбында халықаралық оқу курсын өткізетінін хабарлайды.

Аталған курс жоғары оқу орындарының басшыларына арналған.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті жоғары білімнің, тиісті саладағы кәсіби еңбек өтілінің болуы және ағылшын тілін жоғары деңгейде білу қажет. «МАШАВ» бағдарламасы қатысушылардың оқу төлемін, тұру, тамақтану, курстан өту уақытында сақтандыру, жұмыс экскурсиясы және аэропортқа(тан) бару/келу шығындарын төлейді. Ұшақпен Израильге дейін және кері қарай ұшу ақысын қатысушылардың өздері немесе демеушілік көрсететін тарап төлейді.

Өтінімдерді беру нысандары, қатысу шарттары және ақпараттық брошюралар Израиль Мемлекеті Елшілігінің сайтында орналасқан: hltp://embassies.gov.il/astana (Елшілік бөлімдері – МАШАВ – МАШАВ курстары). Құжаттар пакетін ағылшын тілінде электрондық нұсқада Астана қаласындағы Израиль Мемлекетінің Елшілігіне қарастыру үшін 2018 жылғы 24 тамызға дейін  кешіктірмей mashav@astana.mfa.gov.il электронды мекен-жайына жолдау қажет.

Дата публикации
04 июля 2018
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

28 июля 2025
Цифровизация
Ақпарат
28 июля 2025
Тәрбие жұмысы және қосымша білім
28 июля 2025
Электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы