Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Израиль СІМ жанындағы «МАШАВ» Израиль халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінің 2018 жылғы 2 желтоқсан бастап 21 желтоқсанға дейін Израильде ағылшын тілінде «Стандартты білім ортасында балалармен интеграциялау» тақырыбында халықаралық оқу курсын өткізетінін хабарлайды.
«МАШАВ» бағдарламасы қатысушылардың оқу төлемін, тұру, тамақтану, курстан өту уақытында сақтандыру, жұмыс экскурсиясы және аэропортқа(тан) бару/келу шығындарын төлейді. Ұшақпен Израильге дейін және кері қарай ұшу ақысын қатысушылардың өздері немесе демеушілік көрсететін тарап төлейді.
Өтінімдерді беру нысандары, қатысу шарттары және ақпараттық брошюралар Израиль Мемлекеті Елшілігінің сайтында орналасқан: hltp://embassies.gov.il/astana (Елшілік бөлімдері – МАШАВ – МАШАВ курстары). Құжаттар пакетін ағылшын тілінде электрондық нұсқада Астана қаласындағы Израиль Мемлекетінің Елшілігіне қарастыру үшін 2018 жылғы 8 қазанға дейін кешіктірмей mashav@astana.mfa.gov.il электронды мекен-жайына жолдау қажет.