Меню

Страницы

Статья

Хамад бен Иса аль-Халифаның жыл сайынғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша жүйе

ЮНЕСКО Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану саласындағы Хамад бин Иса Аль-Халифа королінің жыл сайынғы Сыйақысына өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы жариялағанын хабарлаймыз.

Аталған Сыйақы АКТ қолдану арқылы оқыту, сабақ берудің сапасын және білім беру үрдісінің жалпы тиімділігін арттырудағы озық тәжірибелерін және қосқан зор үлестерін көрсету мақсатында жекеленген тұлғалар, мекемелер, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды  ынталандыруға бағытталған.

Ү.ж. Сыйақы тақырыбы «Ең қауқарсыз топтарға білім беруді қамтамасыз ету үшін инновациялық АКТ қолдану» болып табылады. Аталған тақырып аясында ЮНЕСКО барлығы үшін білім алу құқығы және сапалы білімге деген қолжетімділікті қатар өмір сүру, теңдік, бейбітшілік және төзімділіктің бірыңғай идеалдары және құндылықтарымен алмасу арқылы жаһандық адамзат қоғамдастықты құрудың іргелі негіздері ретінде ерекше атап өтеді.

Әрбір ел тек екі ресми номинацияны таныстыруға құқылы.

Байқаудың екі лауреаты 25000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақымен және Париж қаласында (Франция), ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өтетін халықаралық салтанат барысында дипломмен марапатталады.

Аталған Сыйақы бойынша нақты ақпарат қоса беріледі. Сондай-ақ, ictprize@unesco.org электрондық адресы бойынша байланысуға болады.

Осы ретте, аталған Сыйақыға 2 кандидатураларды анықтап, ү.ж. 1 қазанға дейінгі мерзімде ҚР Білім және ғылым министрлігіне бес беттен артық болмайтын ағылшын немесе француз тілдеріндегі жазбаша ұсынымдама, соның ішінде кандидат және оның жетістіктері туралы мәліметтер баяндамасы; ағымдағы тақырыппен сәйкес келетін кандидаттың үлесінің сипаттамасы, жұмысы, қызметінің нәтижелері, жарияланымдары және өзге қосымша құжаттар – кітаптар, мақалалар, монографиялар, аудиожазбалар және видеокассеталардың қысқаша мазмұны қамтылған қажетті құжаттар пакетін жіберуді сұраймыз.

Дата публикации
11 июля 2018
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

28 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025
Балалардың құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы