Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында Қамқоршылық кеңесін құру және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды көрсету, білім алушылардың жарғылық міндеттерін, білім алуын, тәрбиелеуді жүзеге асыру саласында кәсіпорындарға қолдау көрсету, сонымен қатар жарғыға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсынысты ұсыну, кәсіпорындарды дамытуға бағытталған басымдықтар бойынша ұсынымдамаларды енгізу, жаңа буын мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық дайындау мәселелері бойынша жүйені жетілдіру, отандық және халықаралық нарықта білім беру қызметін көрсетуге кәсіпорындардың бәсекеге түсуіне мүмкіндік беруге бағытталған білім беру және басқа да салаларда қаржы қаражатын бөлуге қатысу, Қазақстан Республикасында және одан тыс бәсекеге қабілетті болуға мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды оқыту үшін оның құрылымы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы жариялайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі, қайырымдылық жасаушылар кіреді.
Ұсынысты қабылдау соңғы күні - 2018 жылғы 19 қыркүйек.
Мына телефондарға хабарласу қажет: 742176, 742343
Электронды мекен жай: Gulnash.Koshkarova@edu.gov.kz