Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Израиль СІМ жанындағы «МАШАВ» Израиль халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінің 2018 жылғы 9 желтоқсаннан бастап
28 желтоқсанға дейін Израильде (Иерусалим қ.) орыс тілінде «Техникалық педагогика және арнайы білім беру жүйесін дамыту» тақырыбында халықаралық оқу курсын өткізетінін хабарлайды.
Аталған курс министрліктердегі білім бөлімшелерінің басшыларына, мемлекеттік мекемелерде және жергілікті билік органдарының, білім беру мекемелерінің басшылары мен арнайы білім беру саласындағы мамандарға арналған.
Конкурсқа қатысу үшін тиісті жоғары білімнің, саладағы кәсіби еңбек өтілінің болуы қажет.
«МАШАВ» бағдарламасы қатысушылардың оқу төлемін, тұру, тамақтану, курстан өту уақытында сақтандыру, жұмыс экскурсиясы және аэропортқа(тан) бару/келу шығындарын төлейді. Ұшақпен Израильге дейін және кері қарай ұшу ақысын қатысушылардың өздері немесе демеушілік көрсететін тарап төлейді.
Өтінімдерді беру нысандары, қатысу шарттары және ақпараттық брошюралар Израиль Мемлекеті Елшілігінің сайтында орналасқан: hltp://embassies.gov.il/astana (Елшілік бөлімдері – МАШАВ – МАШАВ курстары). Құжаттар пакетін орыс тілінде электрондық нұсқада Астана қаласындағы Израиль Мемлекетінің Елшілігіне қарастыру үшін 2018 жылғы 29 қазанға дейін кешіктірмей mashav@astana.mfa.gov.il электронды мекен-жайына жолдау қажет.