Словакия Республикасының Білім, ғылым, зерттеулер және спорт министрлігі «Ұлттық стипендиялық бағдарламасы» (NSP) шеңберінде шетел азаматтарына, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, студенттердің, аспиранттардың, университет оқытушыларының, Словакияның жоғары оқу орындары мен зерттеу ұйымдарының зерттеушілері мен суретшілерінің оқу/зерттеу/оқытушылық мобильділігін қолдау үшін стипендия ұсынады.
Бағдарлама үміткердің санатына сәйкес стипендия төлейді және халықаралық сапардың ақысын өтейді.
Стипендияның нысаналы аудиториясы:
Стипендияның (оқудың) ұзақтығы: 1–2 семестр (4 айдан 10 айға дейін)
Стипендия көлемі: 350 еуро.
Стипендияның (оқудың) ұзақтығы: 1 айдан 10 айға дейін
Стипендия көлемі: 580 еуро.
Стипендияның(оқудың) ұзақтығы: 1 айдан 10 айға дейін
Стипендия көлемі: 580-нен 1000 еуроға дейін.
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар:
Өтініш онлайн режимінде беріледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 31 қазаны, Словакия уақыты бойынша 16:00-ге дейін.
NB: стипендия және оның шарттары туралы нақты ақпарат https://www.scholarships.sk/en/ «Ұлттық стипендиялық бағдарламасы» (NSP) сайтында