Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылғы 23 қарашада Будапешт қаласында (Мажарстан) Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының экономикалық ынтымақтастық бойынша 6-шы отырысының шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға (бұдан әрі - Хаттама)  қол қойылды.  

Қазақстан тарапынан Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 639 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы, Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметін қоса атқарушысы Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Хаттамаға қол қойды.

Мажар тарапы осы Хаттамаға сәйкес қазақстанның азаматтарына 250 грант бөлді, оның ішінде:

- өнертану, гуманитарлық ғылым, техникалық ғылым және ауыл шаруашылығы пәндері бойынша Бакалавр дәрежесін алуға 110 стипендия;

- ғылым, техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы және өнертану пәндері бойынша Магистр дәрежесін алуға 90 стипендия;

- медицина, гуманитарлық және өнертану ғылымдары, техникалық ғылымдар сияқты пәндер бойынша Магистратураның бір циклын өту үшін 30 стипендия;

- кез келген пән бойынша Доктор дәрежесін (PhD) алуға 20 стипендия бөледі.

Дата публикации
26 ноября 2018
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

28 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025
Балалардың құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы