Меню

Страницы

Статья

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша ақпарат

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы (бұдан әрі - Жоба) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы щеңберінде жүзеге асырылады.

Жобада жұмыс күші артық өңірлерден шыққан мектеп түлектері (9 және 11 сынып) (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Туркестан облыстары және Шымкент қаласы) жұмыс күші тапшы өңірлердің (Ақмола, Батыс- Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Павлодар және Солтүстік-Казақстан облыстары) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алады.

Жобаны іске асыру кезінде (2014 жылдан бастап) республикалық және жергілікті атқарушы органдар бюджет есебінен 4750 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді.

Бүгінгі таңда жоба бойынша 34 оқу орнында 47 мамандық бойынша 1 625 адам білім алуда.

Жобаға қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, жатақханамен, бір рет ыстық тамақпен, шәкіртақымен және жолақымен қамтамасыз етілген.

Жобаны іске асырудың 3 жылында 2 158 адам аяқтады, оның ішінде 1522 адам жұмысқа орналасты (70,5%): оқу аймағында 524 адам (24,3%), басқа өңірлерде 988 адам (45,6%).

2019-2020 оқу жылына аталған жоба аясында ТжКБ оқу орындарына 750 студент қабылдау жоспарлануда. 750 орын көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оқу орындары мен мамандықтар бойынша бөлінген (мамандықтар атауы бар колледждер тізімі қоса беріледі).

Анықтама: ШҚО -210 орын, БҚО – 25 орын, Павлодар обл. – 210 адам, СҚО – 50 адам, Қостанай обл. – 25 адам, Ақмола обл. – 230 адам.

Осы жоба бойынша оқуға ниет білдірушілердің барлығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің 8 7172 74-24-65, 74-22-89 телефондары арқылы хабарласа алады.

Өңірлерде:

Ақмола облысы 8 7162 90-31-22;

Алматы облысы 8 7282 32-96-86;

Шығыс қазақстан облысы 8 7232 70-23-41, 70-23-42;

Жамбыл облысы 8 7262 43-88-70; 43-88-16;

Батыс қазақстан облысы 8 7112 26-04-71;

Қостанай облысы 8 7142 57-53-12;

Қызылорда облысы 8 7242 60-54-59;

Маңғыстау облысы 8 7292 57-12-39;

Павлодар облысы 8 7182 32-15-95; 32-47-73;

Солтүстік қазақстан облысы 8 7152 36-06-81;

Түркістан облысы 8 7253 37-10-14, 34-17-02;

Шымкент қаласы 87252 27-47-77, 27-80-17.

 

«Серпін» жобасы бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған колледждерде

 

мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

/upload/Госзаказ каз.docx

мәлімет

Дата публикации
27 июня 2019
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

28 июля 2025
Цифровизация
Ақпарат
28 июля 2025
Тәрбие жұмысы және қосымша білім
28 июля 2025
Электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы