Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Ережелерінің 40-т. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысы) және гранттық/бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Келісім-шартының 4.1-т. сәйкес қорытынды есептерді есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсыну қажет екенін еске салады.
Келісім-шарттың 5.2-тармағына сәйкес, жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы бюджет табысына әрбір ұзартылған жұмыс күні үшін жобаның/бағдарламаның жалпы сомасынан 0,03% көлемінде тұрақсыздық айыбын өтейтін болады (Ғылым комитетіне есептің ілеспе хаты тіркелген күнге дейін (сол күн қоса алғанда).
Осыған орай, Ғылым комитеті 2019 жыл бойынша гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жобаларды (ҚР БҒМ) орындау жөніндегі аралық есептер ағымдағы жылдың 21 қазанынан 31 қазанына дейін қабылданатынын хабарлайды.
Аралық есепті дайындауға және тапсыруға қойылатын талаптар қоса беріледі (қосымша).
Есептер Ғылым комитетіне жобаның және бағдарламаның ғылыми жетекшісінің электрондық сандық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нұсқада https://is.ncste.kz сілтемесі арқылы «ҰМҒТСО» АҚ-ның ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады.
Сонымен қатар, а.ж. 23 қазанына дейін шартқа қосымша келісім жасау (нысан қоса беріледі) қажет екенін хабарлаймыз. Қосымша келісім жобасын электронды пошта арқылы кураторлармен алдын ала келісуге болады l.koyshygulova@edu.gov.kz, sa.nurakhmetova@edu.gov.kz и r.elshibekov@edu.gov.kz.
Орындаушыларға есептерді тапсыруға дейін:
1) ҚР «Ғылым туралы» Заңының 20-бабына сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ-ның rating.nauka.kz сайтында орналастырылған жобалар мен бағдарламалардың тиімділігі туралы сауалнаманы толтыру қажет (мемлекеттік тіркеуге ұсынғанға дейін). Сұрақтар бойынша : +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20
2) ҚР «Ғылым туралы» Заңының 22-б. 2-т. сәйкес ғылыми-зерттеу жобаларды/бағдарламаларды және олар бойынша есептерді «ҰМҒТСО» АҚ-ға (Алматы қ.) мемлекеттік тіркеуге ұсыну қажет. Толық ақпарат nauka.kz. сайтының хабарландыруында. Сұрақтар бойынша : +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20.
Дополнительное соглашение № ___ к Договору на (грантовое или программно-целевое финансирование) № ___ от «___» ____________ 2018 года
2019 жылға арналған ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша аралық есепті дайындау және тапсыру талаптары