Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Үш тұғырлы тіл» концепциясын толықтай қолдай отырып, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері арасында ағылшын сөздерін дұрыс айта білу дағдысы бойынша «Spelling Bee 2020» байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Бұл байқау Халықаралық білім беру бойынша америкалық кеңесімен (ACTR\ACCELS) бірлесе жүзеге асырылып, жастарды ағылшын тілін қызықты жолмен үйренуге ынталандыруға бағытталған.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Өскемен, Павлодар, Петропавл және Шымкент қалаларындағы Америкалық бұрыштарда өтеді. Әр қаладан байқаудың бірінші үш жеңімпазы 2020 жылғы 14 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ел деңгейіндегі байқауға (екінші кезең) шақырылады.
Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары 18-25 жас аралығындағы колледж бен университет студенттері қатыса алады. Бірінші кезең 2020 жылы ақпан айында жоғарыда аталған қалаларда өтеді. Аталған байқауға әр қаладан 50 студент қатыса алады.
Әр айналымда жүргізуші (ағылшын тілі оған ана тілі болып саналатын адам) әр қатысушыға бір сөзді атайды. Үш төреші сөздің дұрыс талданғанын қадағалап отырады. Байқау кезең-кезеңмен өтеді, әр кезеңде сөзді дұрыс талдамаған қатысушы байқаудан шығып отырады. Соңғы қалған үш қатысушы жеңімпаз болып саналады.
Байқауға қатысу тегін. Жарыстың Нұр-Сұлтан қаласындағы екінші кезеңіне қатысу үшін келушілерге жұмсалатын шығындарды Қазақстандағы АҚШ Елшілігі өтейді. Байқауға тіркелу www.spellingbee.kz сайиы арқылы жүргізіледі.
Байқауға дайындық Америкалық бұрыштардың (Spelling Bee Club) клубтарында жүргізіледі. Қосымша ақпаратты https://kz.usembassy.gov сайтынан табуға болады.
Осы байқауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда бағдарлама үйлестірушісіне +7 (727) 291-92-26/35/59 телефондары арқылы хабарласуға болады.