Меню

Страницы

Статья

Жобаның қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жариялау_S-SH-69

Баға ұсынысына сұраныс (БҰС) – Шопинг

Жоба:

«Жастар корпусын дамыту»

Сатып алушы:

«Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ Үйлестіру агенттігі

Қаржыландыру көзі:

№ TF014174 траст қорының гранты

Келісімшартқа сілтеме:

KZYCP-CA/S-SH-69 «Жобаның қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жариялау»

 

Шығару күні: 2020 жылғы «28» ақпан

 

 

Кімге:

 

 

Құрметті әлеуетті Жеткізуші,

 

1.    Осымен Сізге келесі бағыттарға сәйкес қызметтер көрсетуге баға ұсынысын беру ұсынылады:

     (1) Жобаның қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жариялау

Техникалық сипаттамасы/ тапсырмасы және талап етілетін көлемі туралы ақпарат қоса берілген             (1-қосымша).

2.       Сіз осы сұраныстың шеңберінде барлық атаулар бойынша баға ұсынысын ұсынуыңыз қажет. Көрсетілген бағаларды бағалау барлық атаулар бойынша бірге өткізіліп, келісімшарт барлық атаулар бойынша ең төмен бағаланған жалпы бағаны ұсынған фирмаға беріледі.

3.       Сіздің баға ұсынысыңыз өтінімнің қоса берілген нысанына сәйкес zakup@zhasproject.kz адресі бойынша электрондық түрде немесе осы БҰС-тың 7-тармағында көрсетілгін мекенжай бойынша қолма-қол ұсынылуы тиіс.

4.       Сіздің орыс тіліндегі баға ұсынысыңыз тиісті техникалық құжаттамамен және басқа баспа материалдарымен немесе әр ұсынылған атау бойынша тиісті ақпаратпен (орыс тілінде) ілесіп жүруі тиіс.

5.       Сіздің баға ұсынысыңызды осы БҰС-тың 3-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қабылдаудың ақырғы мерзімі: 2020 жылғы «05» наурыз.

6.       Сіздің баға ұсынысыңыз төменде көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес ұсынылып, жеткізудің/қызмет көрсетудің мерзімдері мен шарттары бойынша талаптарға сәйкесуі тиіс (2-қосымша). Баға ұсынысы және оған қосымшалар (1 және 2-қосымшалар) қолтаңбамен және мөрмен куәландырылуы тиіс.

(i)       БАҒАЛАР: Бағалар теңгеде көрсетіліп, техникалық сипаттамаға сәйкес (1-қосымша) жеткізу кезіндегі бұзылу немесе бүліну тәуекелін (сақтандыруды қамтамасыз ету) қоса алумен тағайындалған орнына дейін жеткізуді есепке ала отырып, барлық қарастырылған салықтар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа төлемдерді қамтуы тиіс.

(ii)     БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН БАҒАЛАУ: Шын мәнінде техикалық сипаттама талаптарына жауап беретін ұсыныстар, олардың бағаларын салыстыру жолымен бағаланатын болады.

Баға ұсыныстарын бағалау кезінде Тапсырыс беруші, төменде көрсетілген жағдайларда, кез келген арифметикалық қателіктердің түзетулерін енгізу көмегімен, баға ұсынысын түзету жолымен әр ұсыныс бойынша бағалау құның анықтайды:

(a)     санмен берілген сомалар және сөзбен берілген сомалар арасындағы сәйкеспеушілік кезінде, сөзбен көрсетілген сома айқындаушы болады;

(b)    бір бірлік үшін бағаның және бір бірлік үшін бағаны санына көбейту нәтижесінде алынған жалпы бағаның (соманың) арасындағы сәйкеспеушілік кезінде, бір бірлік үшін мәлімделген баға айқындаушы болады;

(c)     егер әлеуетті Жеткізуші түзетуді қабылдамаған жағдайда, оның ұсынысынан бас тартылады.

(iii)   КЕЛІСІМШАРТТЫ БЕРУ: Келісімшарт бағалау бойынша ең төмен баға ұсынған, техникалық және қаржы мүмкіндіктерінің талап етілетін стандарттарына жауап беретін әлеуетті Жеткізушіге беріледі. Іріктелген әлеуетті Жеткізуші келісімшартты ұсынылған нысанға және жеткізудің мерзімдері мен шарттарына сәйкес қол қояды.

(iv)   ҰСЫНЫСТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ: Сіздің баға ұсынысыңыз осы БҰС-тың 5-тармағында көрсетілген, ұсынысты қабылдаудың ақырғы мерзімінен бастап 45 (қырық бес) күн ішінде күшінде болуы тиіс.

7.       Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

«Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ Үйлестіру агенттігі

010000, Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к-сі, 12/1-үй , 9-қабат, «Сулы-Жасыл Желек Жолда» БО

А.А. Амантаев – сатып алу жөніндегі маман,

Тел.:8(7172) 500-771

Электрондық пошта: zakup@zhasproject.kz

 

 

Құрметпен,

Асқар Амантаев

Үйлестіру агенттігінің

сатып алулар жөніндегі маманы

Дата публикации
28 февраля 2020
Дата обновления
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

28 июля 2025
Цифровизация
Ақпарат
28 июля 2025
Тәрбие жұмысы және қосымша білім
28 июля 2025
Электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы