Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, 110000, Қостанай қаласы, Гоголь к. 177А үй, 3-ші қабат, 302 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7142)-53-52-66,  e-mail: dkso@kostanaycontrol.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсы жариялайды:

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, санаты  С-О-4, 1 бірлік.

         Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 126 357 теңгеден 170 599 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: - бөлім қызметін ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау және бақылау;

- білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін ұсыныстар, Қазақстан Республикасының білім және ғылым бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстарды дайындау және Департаменттің, бөлімнің құзыретіне жататын стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпаратты дайындау бойынша қызметті үйлестіру;

- Департаменттің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

- заңнамада белгіленген тәртіппен тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімін, тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында білім беру жүйесінде мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу жоспарын әзірлеу жұмысын үйлестіру;

- әкімшілік істерді қозғау және құқық бұзушылықтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде заңнаманың сақталуын бақылау;

- білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қызметін үйлестіру;

- бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;

- бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процестеріне қатысу;

- өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде міндетті түрде жазбаша жою туралы нұсқаманы беру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну;

- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;

- мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың мәліметтері қорын құруды үйлестіру;

- білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шараларды жүргізу;

- оқу жетістіктерін сырттай бағалауды бақылау және үйлестіру:

- оқу жетістігін сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу бойынша қызметті үйлестіру және бақылау;

- білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру;

- білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестермен өзара іс-қимылды үйлестіру және бақылау;

- білім беру ұйымдарына білім беру үрдісін құруда әдістемелік көмек көрсету;

- бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа ведомстволармен және облыстық құрылымдармен, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

- Департамент қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;

- жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштер бойынша бөлімнің құзыретіне жататын жауаптар (материалдар) дайындау;

- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Құқық» (Құқықтану, Халықаралық құқық) немесе «Білім» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтарының топтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

      9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 8 бұйрығына сәйкес.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабы 8 - тармағының 3 бөлігіне сәйкес, осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы мемлекеттік органнан шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

                                                                                                            __________________________
                                                                                                                  (мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

 

 

      Мені______________________________________________________________________

 

      ___________________________________________________________________________

 

      ____________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу    конкурсына

 

      қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

 

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

 

      міндеттеме аламын.

 

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

      Қоса берілген құжаттар:

 

      ___________________________________________________________________________

 

      ___________________________________________________________________________

 

      ___________________________________________________________________________

 

      ___________________________________________________________________________

 

      ___________________________________________________________________________

 

      ___________________________________________________________________________

 

      ___________________________________________________________________________

 

      ___________________________________________________________________________

 

      _________________________________________________________________________

 

    Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________

 

     

 

      ________                                      ____________________________________

 

       (қолы)                                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      "___"_______________ 20 __ ж.

Дата публикации
02 марта 2020
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

28 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025
Балалардың құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы