ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ
|
Гранттың нөмірі: |
TF014174 |
|
Келісімшарттың нөмірі: |
KZYCP-CA/CS-IC-1 |
|
Позицияның атауы: |
Жастардың осал топтарының аймақтық бөлінуіне әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізу бойынша консультант |
Жастар корпусын дамыту жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі – ҚР БҒМ) іске асырылады.
Жобаның мақсаты жастардың қоғамдастықтың өміріне тартылуын ынталандыру және қоғамдастықтың игілігі жолында, әсіресе жастардың әлеуметтік осал топтары арасында, қоғамдық пайдалы қызметке оқыту бағдарламасын іске асыру арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту болып табылады.
1-компонент шеңберіндегі Жобаның күнделікті қызметіне жауапкершілік Үйлестіру агенттігіне (бұдан әрі – ҮА) жүктелді, ол конкурстық негізде іріктеліп, ҚР БҒМ-нің Жобаны басқару бойынша тобына (бұдан әрі – ЖБТ) есепті.
Жастар корпусын дамыту жобасының 1-компонентін іске асыру шеңберінде Үйлестіру агенттігі жастардың осал топтарының аймақтық бөлінуіне әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізу бойынша консультант позициясына конкурс жариялайды. Консультантқа жастардың осал топтарының аймақтық бөлінуіне әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізу және Жастар корпусын дамыту жобасын 2018-2020 жылдары іске асыру бойынша географиялық ұсынымдар қалыптастыру қажет.
ЖҰМЫС КӨЛЕМІ
- Жастардың осал топтарының аймақтық бөлінуіне әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізу. Жұмыс нәтижесінде қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасына қажеттіліктің ең көп және ең аз деңгейлерімен Қазақстанның аймақтары анықталуы тиіс (рейтинг).
- Сараптама өткізу және «Жастардың осал топтарын» анықтау әдістемесін жетілдіру (ҮА ұсынылады).
- Жастардың осал топтарымен жұмыс істейтін мүдделі тараптардың әлеуетін арттыруға бағытталған семинар өткізу.
Қатысуға қызығушылық білдірген үміткерлер келесі біліктілік талаптарына сай келуі тиіс:
Мүдделі үміткерлердің назары Дүниежүзілік банктің мүдделер қайшылығы туралы саясаты баяндалған, 2011 жылғы қаңтардағы Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың 1.9-тармағына аударылуы тиіс.
Мүдделі кандидаттар, Консультанттар үшін нұсқамада сипатталған жеке консультанттарды іріктеу рәсіміне сәйкес іріктеледі. Іріктеудің нәтижелері бойынша, біліктіліктің неғұрлым жоғары деңгейіне ие болған Консультантпен келісімшарт жасау және қызметті іске асыруға техникалық тапсырмамен таныстыру үшін келіссөздер жүргізіледі.
Үміткерлер 2017 жылғы 27 қазанға дейін, жұмыс уақытында: 09:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбі-жұма күндері (Астана уақыты бойынша), қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде түйіндеме (1-қосымшадағы нысан бойынша), сондай-ақ, дипломдардың, мақалалардың, материалдардың, сертификаттардың көшірмелерін, төменде көрсетілген мекенжайға, сонымен қоса, электрондық пошта арқылы ұсынулары тиіс.
Үйлестіру агенттігі
Ринат Албаев, Сатып алулар жөніндегі маман
Пошта мекенжайы: 010000, Астана қ., Қонаев к-сі, 12/1
«Сулы-жасыл желек жолда» БО, 9-қабат, ҮА-нің кеңсесі
Телефон: 8 7766066696, 8(7172)500-771
Эл.адрес: zhasproject@gmail.com, albaew.rinat@gmail.com
1-қосымша
ТҮЙІНДЕМЕ (CV)
|
Консультанттың ТАӘ: |
|
|
Туған күні: |
|
|
Азаматтығы/тұрақты мекендейтін елі |
|
Білімі:
Тапсырмаға байланысты еңбек қызметі:
|
Мерзімі |
Жалдаушы ұйымның және Сіздің лауазымыңыздың атауы. Пікірлер үшін байланыс ақпараты |
Ел |
Тапсырмаға байланысты орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кәсіби қауымдастықтардағы мүшелік және жарияланымдар:
Жарияланымдар:
Тілдерді білу (Жұмысты атқару кезінде Сіз қолдануыңыз мүмкін тілдерді ғана көрсетіңіз):
Тапсырманы орындау үшін біліктілік:
|
Консультанттың алдына қойылған міндеттердің толық сипаттамасы: |
Қойылған міндеттерді орындау қабілетін неғұрлым жақсы дәрежеде көрсететін алдағы өткен жұмысқа/тапсырмаға сілтеме |
|
|
|
Сарапшының байланыс ақпараты:
Растау:
Мен, төменде қол қойған, менің ең жақсы білімдерім мен пікірлеріме сәйкес, осы түйіндемеде мен туралы, менің біліктілігім мен тәжірибем туралы сенімді ақпарат берілгенін растаймын, сондай-ақ, келісімшарт жасаған жағдайда, тапсырманы орындауға даярлығымды растаймын. Мен, осында көрсетілген кез келген жалған немесе күмәнді мәліметтер, менің дисквалификацияма немесе Тапсырыс берушінің бас тартуына және/немесе Банкпен санкция қолдануына әкелетінін түсінемін.
Сарапшының тегі Қолы
Күні