ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылғы 11-12 маусымда Қарағанды қаласында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумын өткізді.
Форумның мақсаты – қоршаған ортаның экологиялық жағдайының мәселелерін зерттеуге балаларды тарту, балама қуат көздерін қолдану идеясын дәріптеу, жеке тұлғаның шығармашылық дамуы, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, қоғамдық өмірге бейімдеу, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
Форумға қатысушылар – жас өлкетанушылар, экологтар және табиғат зерттеушілерінің өңірлік форумдарының жеңімпаздары. Қатысушылар саны – 160.
Форум бағдарламасында: «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика» номинацияларында энергияны сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұқыпты қарау мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобаларын қорғау, өз өңірлерін абаттандыру, көгалдандыру бойынша мектеп жанындағы учаскелердегі атқарылған жұмыстар туралы видеороликтердің тұсаукесерін өткізді.
Форумға қатысушылар «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» экологиялық квестке қатысты. «Балалар – Жердің гүлі» экологиялық акциясы аясында Қарағанды қаласының №1 мектеп-интернат алаңында гүлзарларға бір жылдық гүлдерді отырғызады.
Форумның жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.