Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, бюджет аралық қатынастар, несиелеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңжобасына енгізілген нормаларына сәйкес, білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті жеке білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру функциясымен толықтырылып әзірленген.
Жоба келесі өзгерістерді қарастырады:
- мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарттары қайта қаралды (жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады);
- жеке білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жағдайлар енгізілген (білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы жүзеге асырады («Қаржы орталығы» АҚ).