Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «2020 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
Жасалған алдын ала шарттар негізінде студенттерді, магистранттарды және докторанттарды 2020 жылға жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарлануда.
Жоба 2020 жылғы 28 қаңтар мен 11 ақпан аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. Ескертулер жоқ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесі жоба бойынша ұсынымдардың жоқтығы туралы хабарлады.
Жоба Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қауымдастығымен, жеке білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығымен оң келісілді.