Бұйрықтың жобасы ұйымдардың (білім беру деңгейлері бойынша: МДТО, ТжКБ) мөлшері қолданыстағы МЖМ-дан төмен кейбір қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын есептеу үшін коэффициенттердің өзгеруі (2019 жылғы 1 қаңтардан және 1 маусымнан бастап еңбекақыны көтеру) және 2023 жылға дейін педагогтардың лауазымдық жалақысын жыл сайын 25%-ға өсіру, педагогтарға сынып жетекшілігі (топты жетекшілік ету), дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін қосымша ақыны ұлғайту бөлігінде «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Сондай-ақ жобада жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының орналастырылуына байланысты интернатта тұратын оқушыларға арналған шығыстар мөлшерленген.
Құрылыс салу және реконструкция жасау жолымен пайдалануға берілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізіліп, білім алушылар нақты орналасқан әрбір тұратын орын үшін ғимараттардың амортизациясына арналған шығыстар нормасы анықталды.
Дуальды оқыту кезінде кәсіпорынға берілетін шығындарды есептеу алгоритмі өндірістік тәжірибе сағаттарының нақты көлеміне байланыстырыла отырып, қайта қаралды. Дуальді оқыту кезінде колледждердің кәсіпорындарға беретін шығыстары өндірістік оқыту шеберлерінің еңбекақысын төлеуге арналған шығыстарды және білім беру процесімен байланысты, оның ішінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезіндегі оқу шығыстарын қамтиды.