Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым
жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған
көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде
қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті
алушының шағымы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заңның 25-бабының 2-
сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.тармағына Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын
бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заңның 25-бабының сәйкес қажет 4-тармағына болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша
өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден
бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы, ұзарту себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жолтармағына беріледі.