Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ, «ҰАТ» АҚ және ЦДИАӨМ бірлесіп eGovMobile мобильді қосымшасында қолжетімді жаңа «Bilim» сервисін іске қосты. Ол туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте белгілі болды.
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Арай Уразова білім туралы барлық қажетті мәліметтерді қамтитын, азаматтар үшін қолжетімді әрі ыңғайлыСервис туралы айтты.
«Bilim» білім туралы деректерді, білім беру ұйымын бітіргені туралы цифрлық құжаттарды, қорғаншылық және қамқоршылық туралы мәліметтерді, баланың профилін және оқушылар туралы қосымша ақпаратты қамтитын бірнеше бөлімнен тұрады. Педагогтар үшін еңбек қызметі, еңбек өтілі, санаты және аттестаттаудан өтуі туралы қысқаша ақпаратты қамтитын «Педагог портфолиосы» бөлімі қолжетімді», - деп вице-министратап өтті.
Бұдан басқа, сервис пайдаланушыларға білім беру ұйымдары мен пайдаланушылар арасында білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың ЭЦҚ көмегімен танысуға және қол қоюға мүмкіндік береді.
Бұл қызметке қол жеткізу үшін eGovMobile қосымшасына кіріп, тізімнен «Bilim» бөлімін таңдау керек.
Айта кетейік, қазіргі уақытта бөлімдерді ҚР азаматтарының білім алуына қатысты қажетті мәліметтер мен толтыру жұмыстары жалғасуда.