Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 131 бұйрығына сәйкес республикалық және халықаралық олимпиадаларды, конкурстар мен спорттық жарыстарды іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Құжаттар қағаз және/немесе электрондық түрде 2026 жылғы 15 қаңтардан 15 ақпанға дейін жоғарыда аталған бұйрықтың 5-бабына сәйкес қабылданады.
Конкурсқа қатысты сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7172) 74-25-30.