Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                                  9-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамы (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қоғамдық кеңес құрамына кандидаттардың резервтік тізімі бекітілсін.

  1. Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Негіздеме: Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №5 және 2025 жылғы                                25 желтоқсандағы № 6 хаттамалар.

 

 

Министр                                                                           Ж. Сүлейменова

Дата публикации
30 декабря 2025