ҚР БҒМ 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізіліміне сәйкес ҚР БҒМ Ішкі аудит департаментімен «Қаржы орталығы» АҚ-да ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді.
«Қаржы орталығы» АҚ-ның іс-әрекетінің негізгі бағыттары:
- жоғарғы білімнің қол жетімділігі мен сапасын жоғарлату және студент жастарының тұрмыстық жағдайларын жақсарту;
- білім берудің барлық деңгейлерінде жан басына шаққандыру бойынша қаржыландыруды енгізу;
- бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік несиелерді қайтару;
- Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін енгізу;
- жас мамандар мен PhD докторлардың жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Аудит қорытындысы бойынша «Қаржы орталығы» АҚ іс-әрекетінің тиімділігін одан әрі жоғарлутыға бағытталған ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.