«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ ішкі аудит қорытындылары туралы

 

 

         ҚР БжҒМ Ішкі аудит департаментімен «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында жоспардан тыс ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді.

         Аудит мақсаты – 2018 жылғы шілде айы мен 2020 жылғы тамыз айы кезеңі аралығындағы квазимемлекеттік сектор субъектісінің іс-әрекеті, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерді басқару тиімділігі.

         Жалпы, КеАҚ іс-әрекеті оның жарғылық мақсаттарына сәйкес жүргізіледі.

         Университет жоғарғы және жоғарғы оқудан кейінгі 29 бағыттар бойынша кадрларды даярлап, білім беру қызметтерін көрсету үшін қажетті материалдық-техникалық база мен профессорлық-оқытушы құрамымен жасақталған.

         Аудит қорытындысы бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімдеріне және Университетке тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

Дата публикации
17 ноября 2020