«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 365 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 365 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 365 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінен

реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ішкі аудит департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында бекітілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Дата публикации
09 декабря 2025