«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларын бекіту туралы 

                                            

 

«Білім беру қызметімен айналысуға

лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларын бекіту туралы 

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидалары бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

 

А. Аймагамбетов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Цифрлық

даму, инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 18.08.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 21102 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство образования и науки РК - Заместитель директора Тимур Владимирович Давлет, 30.07.2020 12:07:57, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК - вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан Аблайхан Есенович Оспанов, 10.08.2020 16:04:04, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 17.08.2020 09:51:13, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов, 17.08.2020 11:14:00, положительный результат проверки ЭЦП

Приказ (рус)
Дата публикации
19 ноября 2020