«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» Коммерциялық емес акционерлік коғамының Директорлар кеңесі , 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі,76 мекенжайында орналасқан «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» Коммерциялық емес қоғамының Басқарма төрағасы – Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау  университеті» Коммерциялық емес акционерлік коғамының  Директорлар кеңесі , 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі,76  мекенжайында орналасқан «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау  университеті»  Коммерциялық емес қоғамының Басқарма төрағасы – Ректор  бос лауазымына орналасуға  конкурс жариялайды

Қоғам қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және кейінгі білім саласындағы білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.      

Қоғам қызметінің мақсаты -   ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде  жеке тұлғаны  қалыптастыруға , дамытуға  және кәсіптік шындауға бағытталған  сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау   болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі,  білім беру ұйымдарындағы және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдардағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы.

Конкурсқа     қатыса алмайтын  тұлғалар :

1) жиырма бес  жасқа толмағандар;

2)  сыбайлас жемқорлыққа қатысты істі болғандар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4)  арнайы медициналық ұйымда тіркеуде тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға     мынадай құжаттарды ұсынады:

  1.  Конкурсқа қатысу туралы арнайы үлгідегі өтініш;
  2. Конкурсқа қатысушының  жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. Конкурсқа қатысушының Қызметтік тізімі,    3х4   үлгісіндегі фотосуретін қоса;
  4. Университетті даму бағдарламасы;
  5. Білімі туралы құжаттардың көшірмесі және салыстыру үшін  түпнұсқаларын көрсете отырып, қосымшаларын ұсыну;
  6. Жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын  құжаттың көшірмесі;
  7. Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама  (медициналық  кәсіби консультациялық қорытынды)  086у үлгісіндегі анықтама;
  8. Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы заңнамаға сәйкес  құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық  ұйымның анықтамасы;
  9. Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы заңнамаға сәйкес  құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде  берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  10. Қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.

 Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  10 ( он )  күнтізбелік   күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне  ұсынылуы керек   (643 каб.)   телефон: 8 (7172) 74-25-22, эл.пошта :  m.izbasar@edu.gov.kz

Дата публикации
10 ноября 2020