«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің

2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 12 маусымдағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
    2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы
    № 166 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелері көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне:

«Есептеуге жататын нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштерінің тізбесі» деген 1-бөлімде:

реттік нөмірі 17-жол жаңа редакцияда жазылсын:

«

17.

2025-2027 жылдарға арналған күрделі жөндеу, реконструкциялау және жарақтандыру жоспарына сәйкес күрделі жөндеу және (немесе) реконструкциялау, сондай-ақ жарақтандыру жүргізілген мектептердің саны

Бір-

лік

әкімшілік деректер

«Орта білім жүйесінің негізгі көрсеткіштерінің есебі» бөліміндегі
№СТ-1 нысаны, «Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің тізімі» бөлімінде

Д-4 нысаны, «Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №570 бұйрығы, ҰБДҚ

»;

«Нысаналы индикатор және нәтижелер көрсеткіштерін есептеу алгоритмі деген 2-бөлімде:

«17. «2025-2027 жылдарға арналған күрделі жөндеу, реконструкциялау және жарақтандыру жоспарына сәйкес күрделі жөндеу және (немесе) реконструкциялау, сондай-ақ жарақтандыру жүргізілген мектептердің саны» нәтиже көрсеткіші» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

«

3.

Көрсеткіш бойынша (болған жағдайда) ақпараттық жүйенің сілтемесі және есептік деректерді орналастыру орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемесін көрсете отырып)

«Орта білім жүйесінің негізгі көрсеткіштерінің есебі» бөліміндегі № СТ-1 нысаны, «Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің тізімі» бөлімінде Д-4 нысаны, «Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №570 бұйрығы, ҰБДҚ

4.

Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және айқын бірізділігін көрсете отырып, нысаналы индикатор және (немесе) нәтижелер көрсеткішінің алгоритмі

H= G÷F ×100, мұндағы:

H – күрделі жөндеу және (немесе) реконструкция жүргізілген мектептердің саны;

G – күрделі жөндеу талап етілетін мектептердің жылдық орташа саны*;

F – күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны.

 

Өлшем бірлігі – бірлік.

 

*Ескерту: есептеулер кезінде күрделі жөндеуді жыл сайын орташа есеппен 800 мектеп қажет етеді деп қабылданады.

                                                                                                                   ».

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
    Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына (Т.Т. Әбілмәжінов) жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрі                                                        Ғ. Бейсембаев

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

2025 жылғы «2» шілдедегі № 02-11/8190 хаты

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Стратегиялық

жоспарлау және реформалар агенттігі

2025 жылғы «25» маусымдағы № 3-3/4112 хаты

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 июля 2025