Астана қаласы 2025 жылғы 16 мамыр
Қатысқандар:
|
Оспан |
Вице-министр, комиссия төрағасы; |
|
Имантай Махамбет |
Персоналды дамыту және басқару департаменті Ынталандыру және тәртіптік іс жүргізу басқармасының бас сарапшысы, комиссия хатшысы; |
|
Комиссия мүшелері |
|
|
Кудияров Нурлан Мамутханович |
Персоналды дамыту және басқару департаментінің директоры; |
|
Жумашев Каныбек Бекболатович |
Орта білім беру комитетінің төрағасы; |
|
Мелдебекова Майра Турганбаевна |
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары; |
|
Калмаков Ерлан Болатович |
Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры; |
|
Бутабаева Лаура Аскаровна |
Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры. |
Қатыспағандар:
|
Адамова Манара Елекеновна |
Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры (іссапарда).
|
Күн тәртібінде:
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымы конкурсына қатысушылармен әңгімелесу өткізу туралы
Конкурстық комиссия «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымына өтініш білдірген 3 үміткер Анар Шынболатовна Танирбергеновамен, Маржан Анесовна Галимжановамен, Назипа Алтынбековна Аюбаевамен әңгімелесу өткізді.
Әңгімелесу барысында үміткердің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тексерілді, кәсіби білімі айқындалды.
Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 17-тармағына сәйкес конкурс нәтижесі бойынша дауыс беру жолымен ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымына тағайындауға Назипа Алтынбековна Аюбаева ұсынылсын:
қолдады – 6,
қарсы – 0,
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымына тағайындауға Маржан Анесовна Галимжанова ұсынылсын:
қолдады – 0,
қарсы – 6,
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымына тағайындауға Анар Шынболатовна Танирбергенова ұсынылсын:
қолдады – 0,
қарсы – 6.
|
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері |
Е. Оспан
Н. Кудияров
К. Жумашев
М. Мелдебекова
Е. Калмаков
Л. Бутабаева
|
|
Комиссия хатшысы |
М. Имантай |