«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштерін
есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

                                                

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
    2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 166 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

««Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесінің 39-тармағына сәйкес»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін»;

осы бұйрықтың қосымшасын жаңа редакцияға сәйкес жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
    Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына (Т.Т. Әбілмәжінов) жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі                                                        Ғ. Бейсембаев

 

Дата публикации
24 апреля 2025