«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» бұйрық жобасы туралы баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» бұйрық жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.

Бұйрықтың жобасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабының 72) тармақшасына сәйкес балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін айқындау мақсатында әзірленді.

Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.

Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=14121716&type=2 

Дата публикации
13 марта 2025