040000, Талдықорган қаласы, Жансүгіров көшесі, 187 А, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187 А мекенжайы бойынша орналасқан «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі мәні – жоғары, жоғары оку орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты – ұлттык және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:
1) жиырма бес жастан кіші;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық кұқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 3x4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;
5) Білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, көшірмелері;
6) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық корытынды);
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
9) көрсетілетін мемлекеттік қызметгер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне ұсыну қажет (каб. 645), телефоны:
8 (7172) 74-27-25, 74-25-22