«Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректо рбос лауазымына конкурс

111500, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38,   «Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38, мекенжайы орналасқан «Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректо рбос лауазымына конкурс жариялайды.

   Қызметтің негізгі мәні – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейнгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

   Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруғадамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі  білімі, білім беру ұйымында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

   Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:

  • Жиырма бес жастан кіші;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

   Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  • белгіленген нысандағы өтініш;
  • конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 3×4 үлгідегі турлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
  • жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;
  • білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, көшірмелері;
  • жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
  • № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медитциналық анықтама (дәрігерлік кәсіби- жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап  10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне ұсыну қажет (каб. 645), телефоны:

8(7172) 74-16-70, 74-25-22.

  • консултациялық қорытынды);
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Өтініш
Дата публикации
02 октября 2020