Жер қойнауын пайдаланушылар шеккен, өндіруге жұмсалған шығындардың 1% мөлшерінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы

Ғылымды қолдау мен дамытуды қаржыландыруға арналған пайдалы қазбаларды өндіруге шеккен шығындардың 1%-ын аудару бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында:

1. Жер қойнауын пайдаланушылар шеккен, өндіруге жұмсалған шығындардың 1% мөлшерінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрамында құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.

 

Премьер-Министр                                                                    А. Мамин

Жер қойнауын пайдаланушылар шеккен, өндіруге жұмсалған шығындардың 1% мөлшерінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-констрікторық жұмыстарды қаржыландыру мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамы
Дата публикации
28 сентября 2020