Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық жобаның төртінші тетігін іске асыруға қатысатын жеке орта білім беру ұйымдарының тізбесіне қосу үшін жеке орта білім беру ұйымдарынан өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық жобаның төртінші тетігін іске асыруға қатысатын жеке орта білім беру ұйымдарының тізбесіне (бұданәрі - тізбе) енгізу үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық жобаның төртінші тетігін іске асыруға қатысатын жеке орта білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібі «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаның төртінші тетігін іске асыруға қатысатын жеке орта білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен айқындалған (бұданәрі - Тәртіп).

Тізбеге енгізу үшін жеке орта білім беру ұйымы министрлікке қағаз және (немесе) электрондық PDF (пдф) форматында келесі құжаттарды ұсынады:

Өтінішке жеке орта білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қолқояды, мөрмен (бар болса) куәландырылады және қоса берілген құжаттармен бірге Министрлікке ұсынылады.

  1. тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  3. аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттар;
  4. жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, халықаралық

олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурстарында (ғылыми жарыстарда), орындаушылар конкурстарында, кәсіптік шеберлік конкурстарында және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) тізбесіне енгізілген спорттық жарыстарда жүлделі орындардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, орындаушылар конкурстары, кәсіби шеберлік конкурстары және спорттық жарыстар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген);

  1. № 514 бұйрыққа енгізілген педагогтердің кәсіби шеберлік конкурстарында жеңімпаз болып табылатын штаттық оқытушылардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  2. біліктілік санатын көрсете отырып, білім беру ұйымының оқытушылық құрамы туралы мәліметтер;
  3. оператор және (немесе) жергілікті атқарушы орган қол қойған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысының орналастырылғанын растайтын көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері;
  4. Жеке орта білім беру ұйымының өтінішіне қол қойған адамның өкілеттігін растайтын құжат.

Тізбеге енгізуге үміткер жеке орта білім беру ұйымдары хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өтініш пен құжаттар топтамасын бере алады.

 

Өтініш пен құжаттар пакеті Министрліктің атына шығыс нөмірі бар ілеспе хатпен ресми бланкіде құжат айналымының электрондық жүйесі арқылы (бар болса) немесе кез келген курьерлік қызметтер (мекенжай -
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрлiктер үйі, 11 кіреберіс) арқылыжіберіледі.

 

Өтініш пен құжаттар пакеті ээлектрондық мекенжайларға қабылданбайды

 

Анықтама телефондары: +7 (7172)74-25-06; 74-27-00;  74-15-42;  74-25-64

 

Кеңсе: +7 (7172) 74-24-28; +7 (7172) 74-24-16

 

Ақпарат үшін нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер:

 

https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2200000963

https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000202#z5

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034415#z7

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034500 

 

 

 

Дата публикации
18 июня 2024