Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы арқылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сондай-ақ 2023 жылғы 29 наурызда VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 17-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
- Қарағанды облысы бойынша Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі – Платформа) арқылы педагогтерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.
- Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Платформа арқылы пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағартуминистрлігінің Орта білім комитеті, Мектепке дейінгі білім департаменті, Техникалық және кәсіптік білім департаменті, Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті, Қарағанды облысының Білім басқармасы(келісім бойынша), «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау»ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз етсін.
- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы және пилоттық жобаға қатысатын ақпараттандыру объектілері:
1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіАқпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректеріне қолжетімділікті бақылау мемлекеттік сервисімен интеграцияны;
2)«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)49-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағида)8-тармағына сәйкес пилоттық жоба аяқталғаннан кейін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша хаттамаларының болуын;
3)2025 жылғы 1 қаңтарға дейін өзінің ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын (бұдан әрі – АҚМЖО) құруды немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан АҚМЖО қызметін сатып алуды қамтамасыз етсін.
- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»акционерлік қоғамы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамыақпараттандыру объектілері Заңының54-бабы 3-2-тармағы, Қағидаларының 4-тармағы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелердің интеграциясын, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуын қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды
2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін осы бірлескен бұйрықтың 4 және 5-тармақтарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетін хабардар етсін.
- Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы
31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Лауазымы Т.А.Ә.
Лауазымы Т.А.Ә.