Коронавирустық инфекцияның
таралуына байланысты шектеу
шаралары кезеңінде білім беру
ұйымдарында оқу процесін
іске асыру жөніндегі әдістемелік
ұсынымдарды бекіту туралы
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік дәрігерінің шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН:
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары оқу орындарының оқу үдерісін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес.
Министр А. Аймағамбетов