«Ғылым қоры» АҚ-да жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ішкі аудит департаментімен «Ғылым қоры» акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Қор)  бюджеттік қаражатпен мемлекеттік активтерді басқару және пайдалану тиімділігі мен сәйкестігі мәселелері бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізілді.

          Жалпы алғанда, Қор тарапынан оның Жарғысында белгіленген мақсаттар мен талаптарға сәйкес іс-әрекеттер жүргізілуде.

          Қордың негізгі іс-шаралары Елбасы – Н.Ә. Назарбаевтың Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі ұлттық жоспары - 100 нақты қадамның 64-қадамын жүзеге асыруға бағытталған.

          Қор ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттарды беру бойынша қызметтер мемлекеттік тапсырысын жүзеге асыру жөніндегі оператор болып табылады.      

          Қордың қаржы-шаруашылық іс-әрекеті тиімді болып, 2017-2018 жылдар қорытындысы бойынша 47,0 млн.теңгені дивиденд ретінде республикалық бюджет кірісіне төленген.

          Сонымен қатар, Қордың корпоративтік басқаруында жекелеген кемшіліктер анықталды, оған қоса Қордың жекелеген стратегиялық көрсеткіштері Білім мен ғылымның даму мемлекеттік бағдарламасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті бюджеттік бағдарламалары мен Қордың 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарымен сәйкессіздігі айқындалды. 

          Аудит нәтижесі бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімдері мен ведомстволарына, «Ғылым қоры» ақционерлік қоғамына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін күшейтуге, корпоративтік басқару деңгейін жоғарлатуға, ішкі бизнес-процесстерді жақсартуға, квазимемлекеттік секторы субъектісінің активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар мен тапсырмалар жолданды.

Дата публикации
27 августа 2020